Ол Алматыдағы Сейфуллин көшесінің бойында тұратын жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабап, бұл сәттің видеосын Instagram әлеуметтік желісіне жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
«Түнгі көбелектерге» ол алдымен клиент ретінде барып, әңгімеге тартады, саудаласады. Кейін мораль оқып, артынша қамшымен сабайды.
— Үшеуіңіз де қазақтың қыздарысыз ғой, иә?
— Иә!
— Қай жақтың қыздары боласыздар?
— Шымкенттен, бәрібір емес пе қай жақтан болатынымыз.
— Былай жалпы намыстанбайсыңдар ма, қазақтың қызы бола тұра осындай тән сатып, ар сатумен айналысып жүрсіңдер ғой.
— Ақша үшін айналысып жүрміз ғой…
— Ақша дей ме? Мен онда бүгін сендерді сабауға келдім, шешеңді…
Жан Ахмадиев сондай-ақ, қазақтың өзге де жігіттерін дәл осылай жасауға шақырды. Оның қысқа ғана видеосы Instagram желісіндегі Ztb_qaz парақшасында жарияланған.
Оқи отырыңыз:
Орталық Азиядағы ең көне түрме — атышулы "Таштүрме" қиратылады
Мемлекет басшысы Ресей Президенті В.Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады
Оралда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі есірткі сатты деген күдікпен ұсталды