Қоғам белсенділері Балиеваның қызметінен кетуін сұрап президентке хат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғам белсенділері Балиеваның қызметінен кетуін сұрап президентке хат жолдады

Қоғам белсенділері Балиеваның қызметінен кетуін сұрап президентке хат жолдады

Бір топ қоғам белсенділері балалар құқығын қорғаушы Зағипа Балиеваның атқарған істеріне сенбейтінін айтты. 

  • 6 Сәуiр 2018
  • 45
Фото - Caravan.kz

Президенттен Балиеваны орнынан босатуын сұрап, хат жазды. Хатты Аружан Саин желідегі парақшасында жариялады.

Белсенділер Балиева “үкіметтік емес ұйымдарға қарсылығын көрсетіп, қоғаммен байланыс жасамайды”, деп айыптады.

Мемлекет басшысына жолданған хатта үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен белсенділер Зағипа Балиеваның билігін тоқтатуды сұраған.

Хатта ОҚО-дағы зорлануы мүмкін баланың оқиғасында Балиева “бала құқығын өрескел бұзды” делінген. Сонымен қоса, баланың тәрбиесі мен отбасының тұратын жеріне байланысты құқығын бұзғанын жазған.

Хатқа қол қойғандар араасында –  Анар Рахымбаева, Аружан Саин, көп балалы әке Мұрат Қабылбаев, Эдурад Ким, Марианна Гурина және тағы басқа белсенділер бар.


Оқи отырыңыз:

WBC президенті тағы да "Канелоны" қорғаштады

Қазақстандық режиссер Африкада бейнебаян түсірді

«Мені жабылып ұрғанда аядың ба»? Қазақ жігіттері бір-бірін аяусыз соққыға жықты