"Ассам" шайының құрамы қазақстандықтарды дүрліктірді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.2
  • 557.82
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ассам" шайының құрамы қазақстандықтарды дүрліктірді

"Ассам" шайының құрамы қазақстандықтарды дүрліктірді

Бұл шайды Қазақстан аумағында тарататын компанияның өкілі Sputnik тілшісіне алаңдауға негіз жоқ екенін айтты.

  • 20 Қыркүйек 2018
  • 206
Фото - Caravan.kz

Facebook әлеуметтік желісінде ер адам "Ассам" шайының құрамын тексеріп жатқаны түсірілген видео жарияланды. 

Ролик авторы пакеттегі ұсақ ақ түйіршіктерден қауіптеніп отырғанын айтқан. Ол бұл қауіпті химиялық зат болуы мүмкін деп болжаған. 

 

Обратите внимание, министр здравоохранения!

Posted by Нурлан Ауэзханович Амрекулов on Wednesday, September 19, 2018


"Teahouse" компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Анар Баязинова  Sputnik-ке берген ресми түсініктемесінде алаңдауға еш себеп жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, видеода ер адам ашып көрген шай "Кешкі" деп аталады

"Бұл роликте біз шағын түйіршіктерді көріп отырмыз, олар бергамоттың (шырынды, ірі жемісті алмұрт түрі – агенттік) хош иісін шығару үшін пайдаланылады", — деп сендірді спикер.

Баязинованың сөзіне қарағанда, бұл – Қазақстанның тексеруші органдары мақұлдаған қымбат әрі сапалы хош иістендіргіш.