2020 жылдан бастап АӘК төлеудің ережелері өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.55
  • 540.38
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2020 жылдан бастап АӘК төлеудің ережелері өзгереді

2020 жылдан бастап АӘК төлеудің ережелері өзгереді

Келесі жылдан бастап аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің беру шарты мен талаптарына өзгерістер енгізіледі.

  • 9 Желтоқсан 2019
  • 54
Фото - Caravan.kz

Жаңа өзгерістер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«2020 жылдан бастап АӘК 6 және 12 айға тағайындалатын болады. Яғни әр тоқсан сайын қайта тағайындалады. Себебі отбасының жарты, бір жылдың ішінде табыс көзі өзгеруі мүмкін. Екіншіден, отбасының әр мүшесіне шаққандағы орташа кіріс күнкөріс деңгейінің 70%-дан кем болуы керек. Үшіншіден, ендігі уақытта АӘК алатын отбасы мүшелеріне жұмыс ұсынылатын болады. Егер де жұмыстан бас тартқан жағдайда, ол отбасы мүшелеріне аталған көмек берілмейді. Ал осыған дейін ол отбасылардың басқа мүшелері АӘК-ті алып келді. Себебі еңбекке жарамды азаматтар отбасындағы өз жауапкершілігін сезінуі тиіс», — деді Б.Нұрымбетов ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.

Сондай-ақ, министр атаулы әлеуметтік көмекті алушыларды анықтау жұмыстарын күшейту керектігін айтты.

«Бізде өкінішке қарай, АӘК алу үшін табысын жасырып, түрлі жағдайларға барып жатқан отбасылар бар. Бұл жауапкершілік учаскелік комиссия институтының жұмысымен тікелей байланысты. Демек аталған комиссияның отбасының табысын тексерудегі жұмысын қатаңдату қажет. Осы орайды комиссияның отбасының материалдық жағдайына зерттеу жүргізу мерзімін 3 күннен 7 күнге дейін ұлғайту көзделіп отыр», — деді ол.

Одан бөлек, Б.Нұрымбетов мемлекет тарапынан берілетін кепілдендірілген көмек пакеті туралы сөз етті.


«Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы ұсыну шеңберінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасылардың балаларын азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен қамтиды. Ал 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киіммен қамтамасыз ету ұсынылады. Сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі. Одан бөлек, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер стоматологиялық көмек тегін көрсетілетін болады», — дейді министр.