Қарағандылық полицейлер аз қамтылған отбасыларды анықтау үшін арнайы рейдке шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық полицейлер аз қамтылған отбасыларды анықтау үшін арнайы рейдке шықты

Қарағандылық полицейлер аз қамтылған отбасыларды анықтау үшін арнайы рейдке шықты

Қарағанды мен Жезқазған қалаларында полицейлер аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды анықтау үшін арнайы рейдке шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

  • 19 Сәуiр 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Мақсат – олардың неге мұқтаж екенін біліп, мекенжайын волонтерлерге жіберу. Өз кезегінде еріктілер аталмыш жанұяларға азық-түлік пен басқа да қажетті заттарын жеткізіп береді.

Сондай-ақ Жезқазған қаласындағы дүкендерде әлеуметтік әлсіз топтарға арналған «қайырымдылық сөресі» жұмыс істей бастады. Мұнда кез келген адам тауар сатып алып, осы сөрелерде қалдыра алады. Ал мұқтаж жандар оны тегін алуына болады.

Саят Балмағамбетов, волонтер: – Полицейлер, спортшылар, кәсіпкерлер бірігіп, мұқтаж жандарға пакет таратып жатырмыз. Соңғы 1,2 күнде 100 мұқтаж отбасына әлеуметтік пакет таратылды. Жезқазған қаласындағы кәсіпкерлер пакеттерді тарату бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.