Ұлттық экономика вице министрі тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық экономика вице министрі тағайындалды

Ұлттық экономика вице министрі тағайындалды

 

  • 21 Қазан 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әмрин Азамат Кемеңгерұлы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, құқықтану бакалавры.

Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады.

  • 1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды.

  • 2008-2011 ж. ж. — СҚО Шал ақын ауданының әкімі.
  • 2011-2012 ж. ж. — «Амрин К.К.» шаруа қожалығының менеджері.
  • 2013-2015 ж. ж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.
  • 2015 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып еңбек етті.
Соңғы жаңалықтар