Ең арзаны 40 мың теңге: Биыл құрбандыққа шалынатын мал бағасы қандай болып тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ең арзаны 40 мың теңге: Биыл құрбандыққа шалынатын мал бағасы қандай болып тұр

Ең арзаны 40 мың теңге: Биыл құрбандыққа шалынатын мал бағасы қандай болып тұр

Ертең, 20 шілде қасиетті Құрбан айт мейрамы басталады. Шамасы жеткен әр мұсылман сауапты іс үшін құрбандық шалады. Биыл пандемияға байланысты құрбан шалу екі жолмен өткізіледі. "Қызыл" аймақта онлайн, ал "сары" және "жасыл" аймақта дәстүрлі жолмен де, онлайн да құрбан шалуға болады.

  • 19 Шiлде 2021
  • 101
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әр облыста құрбан шалу орны дайындалып, рәсім жергілікті әкімдік пен санитар дәрігерлердің рұқсатымен және тәртіп сақшыларының қадағалауымен атқарылады. Басты талап – карантин талаптарының қатаң сақталуы.

Онлайн құрбан шалуға қатысты мәлімет алғысы келген кез келген азамат діни басқарма мен облыстық мешіт жанынан құрылған ақпарат беру орталықтарына хабарласа алады.

Құрбандық шалу qurban2020.kz сайты арқылы жүзеге асады. Сайт үш бөлімнен тұрады:

  • құрбан малын шалу үшін тапсырыс беру;
  • құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру (мұқтаж жандар үшін);
  • құрбан шалынғаны туралы мәлімет.

Тапсырыс беру кезінде ең алдымен өңірді таңдау қажет. Кейін аты-жөніңіз бен телефон нөміріңізді жазып, шалуға ниетті құрбандық малын белгілейсіз. Құрбандыққа қой, ірі қара, ешкі және түйе ұсынылады. Ірі қара мал мен түйені бір немесе жеті адам бірлесіп таңдай алады. Ал қой мен ешкіні бір адам таңдайды. Одан кейін экранда құрбан малының құны шығады.

Тапсырыс мәліметтерін толтырып біткен соң "құрбандық есебі қажет пе?" деген сауалға жауап беру қажет. Алайда, құрбандық туралы фото және бейне есеп алу үшін тапсырыс берушінің телефонында WhatsApp мессенджері болуы міндетті.

Бұдан соң электронды тапсырыс нөмірі беріледі және төлемақы жасауға қажетті реквизиттер ұсынылады. Төлем жасалғаннан кейін телефонға тапсырыстың қабылданғаны жөнінде хабарлама келеді.

Құрбандық малының бағасы әр өңірде әртүрлі:

  • Ең қымбат қойдың бағасы Қарағанды облысында – 75 000 теңгеден, 
  • Ең арзаны Жамбыл облысында – 60 000 теңге
  • Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен мен Семей, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысында – 65 000теңгеден болса
  • Қалған өңірлерде бірыңғай 70 000 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал ірі қараға келетін болсақ, ең жоғарғы баға Шымкент қаласы мен Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Ақмола облыстарына тиесілі – 450 000 теңге. 


  • Бұдан кейін Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысында ірі қара құны – 420 000 теңге. 
  • Алматы, Батыс Қазақстан облыстары мен Семейде – 400 000 теңге
  • Талдықорған мен Ақтөбе облысында – 370 000 теңге
  • Өскеменде – 390 000 теңге
  • Қостанай облысы – 385 000 теңге
  • Алматыда – 371 000 теңге
  • Ал ең төменгі баға Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 350 000 теңгеден болып тұр. 

Сондай-ақ, құрбандық малдарының арасында ешкі мен түйе де бар. 

Ең қымбат құрбандық ешкісі Ақтөбе облысында 55 000 теңгеден сатылса, ең арзан құрбандық ешкісі – Шымкент, Талдықорған және Жамбыл, Павлодар облыстарында – 40 000 теңгеден болып тұр.

Ал түйенің ең жоғарғы бағасы

  • Талдықорған мен Түркістан облысында – 800 000 теңге
  • Ең арзан құрбандық түйесі – Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстарында 500 000 теңге
  • Шымкенте түйе бағасы– 700 000 теңге болса, 
  • Алматы облысы мен Қызылорда облыстарында –  600 мың 
  • Атырау облысында – 750 000 теңге

Сондай-ақ, мұқтаж жандар да құрбандық етін алуға өтініш бере алады.

Ол үшін сайттың "құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру" бөліміне өтіп, келесі мәліметтерді жазу қажет:

  • өңір аты;
  • ЖСН, аты-жөн, телефон нөмірі, етті жеткізетін мекенжай;
  • әлеуметтік жағдайын (көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты және т.б.) таңдап, оны растайтын құжатты жүктеу керек.

Өтініш берген мұтаж жандарға құрбандық етін волонтерлер таратады