Тоқаев Үндістан президентіне көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Үндістан президентіне көңіл айтты

Тоқаев Үндістан президентіне көңіл айтты

Махараштра штатында су тасқыны мен лай көшкінінен кем дегенде 138 адам көз жұмды.

  • 25 Шiлде 2021
  • 245
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан президенті Рам Нат Ковиндке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан президенті Махараштра штатында болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және үйлер мен ғимараттардың қирағаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Із-түзсіз жоғалған отандастарыңыз өз отбасыларына аман-есен оралсын. Осындай қиын-қыстау шақта біз Үндістан халқымен біргеміз", – делінген жеделхатта.

Үндістанның орталығындағы Махараштра штатында су тасқыны мен лай көшкінінен кем дегенде 138 адам көз жұмды, деп хабарлайды 
РИА Новости
.

84 мыңнан астам адам штатттың оңтүстігіндегі Пуна округінде қауіпсіз аймаққа орналастырылды.

Үнді метеорология бюросы Махараштра штатының әкімшілік орталығы Мумбаидағы нөсер жауынға байланысты дабылдың қызыл деңгейін жариялады. Табиғи апат салдарынан қала тұрғындарын жарық және сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындады.