Бүгін, 26 шілдеде Токиода өтіп жатқан Олимпиадада қазақстандық спортшылар спорттың сегіз түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыстардың толық кестесі төмендегідей:
06:00 Әйелдер арасында стендік оқу атудан скит бағдарламасы бойынша.
Әсем Орынбай, Зоя Кравченко
06:30. Садақпен ату. Ерлер. Командалық жарыс
Қазақстан — Үндістан
08:00 Дзюдо. Ерлер
73 келі. Жансай Смағұлов — Фердинанд Карапетян (Армения)
08:00 Теннис. Әйелдер. Жекелей сын
Елена Рыбакина — Ребекка Петерсон (Швеция)
11:00 Каноэ. Ескекпен есу. Ерлер.
Александр Куликов
11:30 Үстел теннисі. Ерлер
Кирилл Герасименко — Тимо Болль (Германия)
15:03 Бокс. Ерлер
52 келі. Сәкен Бибосынов — Янкьиель Ривера Фигероа (Пуэрто-Рико)
16:50. Ауыр атлетика Әйелдер
55 келі. Зульфия Чиншанло.