Пандемия кезінде ауырыңқырап қалды ма екен: Ұлықпан Жолдасов Димашты сынаған Шадаеваға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пандемия кезінде ауырыңқырап қалды ма екен: Ұлықпан Жолдасов Димашты сынаған Шадаеваға жауап берді

Пандемия кезінде ауырыңқырап қалды ма екен: Ұлықпан Жолдасов Димашты сынаған Шадаеваға жауап берді

"Даусы қойылмаған, мектебі жоқ". Әнші Бақыт Шадаеваның әлем таныған Димаш жайлы айтқан осы сөзі халық тарапынан үлкен сынға ұшырады. Әріптесінің сөзін белгілі композитор, Димаштың өкіл әкесі Ұлықпан Жолдасов та түсіне алмаған. "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасында Жолдасов болған жайтқа қатысты пікір білдірді.  

  • 5 Мамыр 2022
  • 535
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бақыт әпшем (Шадаева) артықтау кетіп қалды. Әншіні сынамас бұрын оның жүріп өткен жолын, не істеді, не бітірді, соның бәрін жақсылап қарап алу керек еді. Бақыт оның оқығанын байқамаған шығар, қарамаған, тексермеген.

Негізінде ол (Димаш) музыкалық колледжде 4 жыл оқыды, мектепті айтпай-ақ қояйық. 4 жыл "Шабытта" оқып, 2 жылдық магистратураны бітірді. 10 жыл оқып, енді докторантураға дайындалып жатыр. Соған қарап, бұл кісінің айтқанын түсінбей қалып отырмын. Сонда 10 жыл оқыған білімі қайда кетті? Даусы қойылмаған дейді, әбден қойылған. Әйгілі Бачелли, Лев Лещенко, т.б. көптеген шетелдік әртістер таңғалып, даусына мән беріп, тыңдап, небір вокалдан беретін адамдар оның даусын іліктеп, жіктеп, баға беріп отырғанда, соның бәрін көрмей отыр ма? Соған таңғалып отырмын. Байқамай айтып жіберді-ау әлде пандемия кезінде ауырыңқырап қалды ма екен?" — деп күлді Жолдасов. 

Композитор Димашты жастай танып, оның әр қадамын бағалап, бірге жұмыс істесе де, оған өзі сын айта алмайтынын жеткізді. 


"Сын айту үшін ол (Димаш) сияқты айта білу керек қой",-  деді ол. 

Ұлықпан Жолдасовтың айтуынша, әлемге танымал Бейонсе, Уитни Хьюстон сынды жұлдыздардың даусын қойған америкалық әріптесі Димаштың Дубайдағы концертіне арнайы келіп, оның өнеріне жоғары бағасын берген.

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергенді даусы дұрыс қойылмаған әнші деп атаған еді. Бұл пікірі көпшілік арасында қызу талқыға түсті. 

Меруерт Түсіпбаева құрбысы Бақыт Шадаеваның Димаш жайлы айтқан пікіріне қарсы шықты. Бұл өзін танытудың әдісі деп мысқылдады.  Көп ұзамай Шадаева халық алдында кешірім сұрады.