Күзде коммуналдық қызметтің құны қаншалықты қымбаттайды? - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күзде коммуналдық қызметтің құны қаншалықты қымбаттайды?

Күзде коммуналдық қызметтің құны қаншалықты қымбаттайды?

Күзде коммуналдық қызметтің құны  қымбаттайды.

  • 2 Шiлде 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өңірлерде орташа баға айына 2-4 мың теңгеге көтеріледі. Бұл аймаққа байланысты. Жылуды үнемдеуге шақырамыз. Жылу бойынша норматив 21 градусты құрайды. Тұрғындар қыста 23-25 градус жылуға үйреніп қалса, жылуды нормативке дейін төмендеткен жағдайда олар шағым айта бастайды. Бұл қыста терезені ашып, температураны ретке келтірудің қажеті жоқ екендігін білдіреді. 20-21 градус нормаға үйрену керек. Қыста бұл қалыпты жағдай, ресурсты үнемдеу керек. Адамдар бізде үйдің қатты ыстық болғанына үйреніп алған. Сол үшін де желіге үлкен күш түседі", — деп түсіндірді ведомство басшысы Мәжілістің кулуарында берген сұхбатында.

Оның айтуынша, тұрғындар көрсеткіштерді бақылап, үнемдеу үшін құралдармен жабдықтау да белсенді болғаны абзал.


"Қазір қазақстандықтардың есептеу құрылғысымен қамтылуы 74%-ға жетті. Барлығы тарифке байланысты емес. Бюджет өзіне үлкен жүктеме алып отыр. Тариф азаматтарға қолайлы болғаны дұрыс. Онымен қоса, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін әкімдік арқылы өтемақы жасау мүмкіндігі бар", — деді Әлібек Қуантыров.