“Жанат Бақыттың айтқаны келіп жатыр, өтірік ашылады” - Жанар Байсемізова - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жанат Бақыттың айтқаны келіп жатыр, өтірік ашылады” - Жанар Байсемізова

“Жанат Бақыттың айтқаны келіп жатыр, өтірік ашылады” - Жанар Байсемізова

"Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасының жүргізушісі, журналист Жанар Байсемізова әріптесі Жанат Бақытқа қолдау білдірді.

  • 3 Шiлде 2023
  • 385
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы Stories-де хабарлады, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"Жанат Бақыттың айтқаны дәл келіп жатыр, өтірік ашылады, әй бірақ ұялмайтындар ұялмайды екен ғой.

Жанатты жерден алып, жерге салды. Осы кезге дейін пікір білдірген жоқпын. Біздің қоғам бірдей ойлағысы келеді. Әр адамның пікірін, жазғанын, ойын құрметтемейді. Шетелдіктер ешқашан өзгенің өзгеше ойы үшін айыптамайды, сөкпейді. Әркімнің өз пікірі, өз шындығы бар. Егер біреудің шындығы сенікімей сәйкес келмей жатса, ол қате деген сөз емес. Біздің қоғамда біздің қоғамша ғана ойлану керек", — деді журналист.

Сондай-ақ, Байсемізова Жанат Бақыттың жасап жүргенін оның хикемті деп хабарлады.


"Бұл Жанаттың жолы.Жанаттың өзіне ашқан хикметі.  Жүрегіне қонған дүние. Неге біз оны келемеждеуіміз керек? Жанатты жеккөріңдер, бірақ мазаққа айналдырмаңдар. Бұл оның өзін тану жолындағы белестер. 5,10 жылдан кейін мүлдем өзгеруі де мүмкін. Өзгеріңдер, адамдар. Өзгеше ойлаңдар. Стандарттан шығыңдар. Ізденіңдер. Оқыңдар", — деп жазды Жанат Байсемізова.