Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалына шықты, — деп хабарлайды Tengri Sport.
1/8 финалдық кездесуде Рыбакина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездесіп, қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан соң турнирдің келесі кезеңіне өтті.
1/4 финалда 24 жастағы Рыбакина тунистік Онс Жабер мен чехиялық Петра Квитова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайтын болған. Онс Жабер Петра Квитованы 6:0, 6:3 есебімен оңай ұтып, ширек финалға жолдама алды. Қазақстандық және тунистік теннисшілер арасындағы матч 12 шілдеге жоспарланған.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің былтырғы финалында Онс Жабермен кездесіп, оның жеңген еді.