АӘК-ке сеніп отыру масылдық – басқарма басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АӘК-ке сеніп отыру масылдық – басқарма басшысы

АӘК-ке сеніп отыру масылдық – басқарма басшысы

Жұмысқа жарамды адамдар отбасын асырауға жауапты, тек АӘК-ке сеніп отыру – масылдық. Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат Басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Данияр Әлкебайұлы Алматыда өткен брифинг барысында айтты. 

  • 25 Ақпан 2020
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы BAQ.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Оның айтуынша, қазір АӘК-ке құжат тапсырып жатқан отбасы мүшелері жұмысқа жарамды. Алайда, Жұмыспен қамту орталықтары ұсынған жұмысты көбі істегісі келмейді.

Құжат тапсырғандардың көпшілігі жұмысқа жарамды, алайда олар 200-300 мың теңгенің жұмысы болмаса орналаспаймыз дейді. Ондай жалақыны біздің мекеменің қызметкерлері де алмайды, көбі 100 мың теңгенің айналасында еңбекақы алады. Жұмыс бола тұра одан бас тартатындарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды, — дейді Данияр Әлкебайұлы. 


Сонымен қатар, ол әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға қосымша жеңілдікте жасалатынын жеткізді. 

Қазір оқушыларды мектеп киімімен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, қаладағы барлық оқушылар үшін қоғамдық көлікпен жүруде 50% жеңілдік жасалған, — деп атап өтті басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Бұған дейін, Алматыда жыл басынан бері 2,5 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар