Жарияланды: 760

Айдын Айымбетов Қазақстан жастарын ел патриоттарының алдыңғы қатарында болуға шақырды

Айдын Айымбетов Қазақстан жастарын ел патриоттарының алдыңғы қатарында болуға шақырды

Бүгін Астанадағы «Мәңгілік ел - болашағы біртұтас ел» атты республикалық патриоттық форум барысында

ғарышкер Айдын Айымбетов Қазақстан жастарын ел патриоттарының алдыңғы қатарында болуға шақырды.

«Біздің жерімізден бірінші адам тұңғыш рет ғарышқа көтерілді. Бізде «Байқоңыр» ғарыш айлағы бар. Қазақстанды барша әлем біледі. Бүгінде елімізбен мақтан тұтатын жетістіктеріміз баршылық. Қазақстан берік әрі қуатты ел болуы үшін көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Осы орайда әрқайсымыз өз ісінде үздік болуға тырысуы тиіс деп ойламын. Бұл тұрғыда біз отансүйгіштігімізді айқын көрсетіп, Мәңгілік елімізге үлес қосамыз»,- деді ғарышкер. 
«Мен барша жастарымызды өз елінің патриоттарының алдыңғы қатарында болуға шақырамын. Нақты істермен Отанымыздың гүлденуіне үлес қосу ортақ міндетіміз. Қазақстаннның Туы алдағы уақытта да талай ғарышқа көтеріліп, құрмет тұғырларында желбірей беретіндігіне сенімдімін, Қазақ елі мәңгілік жасасын!», - деп ұрандатты А.Айымбетов.
Естеріңізге сала кетейік, А.Айымбетов ғарышқа Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған тулар мен еліміздің көк байрағын алып ұшқан болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін