Ахметбек Нұрсила Омар Жәлел туралы: "Бұл бұқаны қоғам болып тоқтатпасақ өзі сияқты жас жігіттер әлі талай отбасын ойрандайды" - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ахметбек Нұрсила Омар Жәлел туралы: "Бұл бұқаны қоғам болып тоқтатпасақ өзі сияқты жас жігіттер әлі талай отбасын ойрандайды"

Ахметбек Нұрсила Омар Жәлел туралы: "Бұл бұқаны қоғам болып тоқтатпасақ өзі сияқты жас жігіттер әлі талай отбасын ойрандайды"

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Абайтанушы Омар Жәлелді қатаң сынға алып, оны қоғам болып тоқтату керектігін айтты.

  • 3 Шiлде 2023
  • 8613
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Омар Жәлел неге қауіпті?
Омар Жанат Қожамжаровтың продюссері болып ж@ләптікті насихаттап жүрсе де, оны пір тұтып, одан сұхбат алғанын қоймай жүрген блогерлер жетеді. Аузынан ана сүті кеппеген 20 дағы жас балалар және кәнігі Нұрсейіт Жылқышыбай сияқты журналистер де бар
Омар Абай, Шәкәрім, Мәшхүрдің өзінің жаттап алған сөздері арқылы жау жасай алмайтын, қазақ қоғамын іштен іріту сұрқия саясатын ашық жүргізіп келе жатыр..
Омар жайлы фактілерді ( 3-5 әйелді шиттей балаларымен тастап кеткен, ол әйелдер шыдай алмағандары әлеуметтік желігі "Өзіме де балаларыма да қол жұмсаймын" деп жазып та жатыр)
Ал Омар бір қатыннан екінші қатынға паналап, бұқадай болып семіріп алып, ютуб, инстаграм, ФБ арқылы жастардың саналарын улап жатыр..
Кей ютуб комментерде "Сіз осы заманның Абайысыз, бізге сіз сияқты Президент керек" деген сөздерді де оқуға болады..
Қазіргі басты ұраны:
"Ұрлық қыл да мал тап
Ойнас қыл да ұл тап"
Бұл бұқаны қоғам болып тоқтатпасақ өзі сияқты жас жігіттер әлі талай отбасын ойрандайды!!
Кезінде білім, ғылымы дамыған немістерді Гитлер, Геббель, Герингтер қолдары дірілдемей жас балалар мен әйелдерді сарайға кіргізіп, өртеп жіберетіндей жауыз жасап шығарды емес пе!!((
Омардың арсыз, анайы сұхбаттарының астындағы комменттерді оқысаңыз төбе шашыңыз тік тұрады", — деп жазды Ахметбек Нұрсила.