Жарияланды: 400

Алматы мен Астанада ауа райының қолайсыздығынан рейстер кешігіп жатыр

Алматы мен Астанада ауа райының қолайсыздығынан рейстер кешігіп жатыр

Алматы мен Астанада ауа райының қолайсыздығынан рейстер кешігіп жатыр. Бұл туралы әуежайлардың онлайн-таблосында көрсетілген.

Алматыда 4 әуе рейсі кешігіп жатыр.

Атап айтқанда,  Алматы-Үрімжі, Алматы-Ашхабад, Алматы-Ақтөбе,  Алматы-Амстердам бағытындағы рейстер уақытынан кешігіп жатыр. Астана, Ақтөбе, Шымкент, Орал қалаларына және Душанбе, Үрімжі қалаларына 6 рейс ұшпайтын болды. Алматыда қалың тұман. Ауа температурасы -13 болып тұр.

Кей рейстердің ұшу кестесі жарты сағаттан 6-7 сағатқа дейін өзгерді.

Астана әуежайының онлайн-таблосы көрсеткендей, Үрімжі, Орал, Ақтөбе қалаларына ұшатын рейстер бөгелуде. Ал Қызылорда, Ақтөбе, Үрімжі қалаларынан бірнеше рейс Астанаға дер кезінде жете алмай отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін