Енді жолаушыларға тек банк карточкасын, қол сағатын немесе смартфонын арнайы орнатылған ридерге тақап, тигізсе болды.
Мұндай құрылғылар барлық стансалардың вестибюлінде орнатылған. Тек смартфон мен қол сағатқа MasterCard технологиясы жүктелген болуы керек.
Ақша автоматты түрде есепшоттан алынатын болады. Ол үшін ешқандай комиссиялық төлем алынбайды. Жаңа жүйе барлық шетелдік банк карточкаларын танитын болады.
«Метрополитен» МКК директоры Айдын Оразхановтың айтуынша, мұндай жаңа технология шетелдік азаматтарға өте ыңғайлы болмақ.
«Бұл қызмет сапасын жақсарту үшін жасалып жатыр. Біз жетондардан да бас тартпаймыз. Өйткені ол біздің тарихымыз. Бұл жобаны жасауға да 1 жыл уақытымыз кеткен еді», — деді ол.