Алматы облысында Айзада Авлатарованы ұрлаған күдікті ұсталды
![]() |
Кеше кешке Алматы облысының полицейлері 2015 жылғы 3 желтоқсанда жоғалып кеткен Айзада Авлатарованы тапты. |
Бойжеткенмен бірге Қапшағай қалалық ІІБ-іне оны ұрлаған күдікті 45 жастағы Игорь Токарев жеткізілді. Полицейлер ұсталған азаматтан жауап алуда. Айзаданы туысқандары үйлеріне алып кетті.
Аталған факті бойынша сот алды тергеу ҚР ҚК 125-бабына (адам ұрлау) сәйкес жалғасуда.
Еске сала кетейік, 20 жастағы Айзада Авлатарова Іле ауданы Жетіген ауылында із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бойжеткен 3 желтоқсанда үйінен Өтеген батыр кентіне сабаққа шыққан. Ол Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5571 әскери бөлімі сарбаздарының жедел іс-әрекеттерінің арқасында табылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін