Алматы облысында бойжеткенді ұрлады деген күдіктінің фотороботы жария етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында бойжеткенді ұрлады деген күдіктінің фотороботы жария етілді

Алматы облысында бойжеткенді ұрлады деген күдіктінің фотороботы жария етілді

Алматы облысы Жетіген ауылының жоғалып кеткен 20 жастағы тұрғыны Айзада Авлатарованың туыстары әлеуметтік желіде оны ұрлап кетуі мүмкін деген күдікті азаматтың фотороботын жария етті.

  • 9 Желтоқсан 2015
  • 516
Фото - Caravan.kz

Анықталғандай бойжеткен отырып кеткен көлік, ұрланған көліктер тізімінде деп хабарлайды Stan.kz.

ІІБ қызметкерлері күдікті ер адамды танитындар болса, +7 708 926 34 17, +7708 527 75 11 телефондарына хабарласуларын сұрап отыр.


Естеріңізге сала кетейік, 20 жасар бойжеткен 3 желтоқсанда Жетіген ауылындағы үйінен Өтеген батыр кентіндегі колледжге барамын деп шығып кеткен. Соңғы рет құрбысына телефон шалып, таксистің Қапшағай жаққа алып бара жатқанын хабарлаған. Содан із-түзсіз жоқ.