Жарияланды: 540

Алматы облысында колледждің экс-директоры 17,5 млн. теңге қолды етті деген күдік бар

Алматы облысында колледждің экс-директоры 17,5 млн. теңге қолды етті деген күдік бар

Алматы облысында колледждердің бірінің экс-директоры  17,5 млн. теңге қолды етті деген күдік бар. Аталған факт бойынша сот алды тергеу басталды.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Жамбыл ауданындағы колледждердің бірінің әкімшілігі жергілікті полицейлерге жалпы сомасы 17 458 238 теңгені құрайтын ақшаның жоғалғаны жайлы хабарлаған. Арызда бұл қаражатты оқу мекемесінің бұрынғы директоры жымқырды деп жазылған.

 «Қазір өтініш Жамбыл АІІБ-де тіркелді. ҚР ҚК 189 бабы бойынша сот алдындағы тергеу басталды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

Полицейлер  колледждің экс-директоры - 54 жастағы Қаскелең қаласының тұрғынын ұстады. Ол полицияға жеткізілді.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін