Алматыда балабақшада 5 жасар бүлдіршінді таптап кеткен жүргізушіге қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда балабақшада 5 жасар бүлдіршінді таптап кеткен жүргізушіге қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды

Алматыда балабақшада 5 жасар бүлдіршінді таптап кеткен жүргізушіге қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды

Алматыда балабақшаны көлігімен қиратып, 5 жасар баланы таптап кеткен жүргізушіге қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

  • 5 Қазан 2015
  • 355
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады. 

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасының судьясы сотталушы Татьяна Семченкоға шығарылған сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. 
Қорғаушы тарап келіншектің жазасын шартты жазаға ауыстыруды өтінген болатын. 
Айта кету керек, қайғылы оқиға 20 мамырда шамамен сағат 12.00-де болды. 

Жүргізуші әйел артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік 26 бала ойнап отырған балалар алаңын жапырып бір-ақ тоқтаған. Салдарынан бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген 46 жастағы Татьяна Семченконы сот ҚР ҚК 345 бабының 2 тармағы бойынша айыпты деп танып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Соңғы жаңалықтар