Жарияланды: 350

Алматыда бір апта жоғалған қыз табыларда «құтқарыңдар» деп жылап белгі беріпті

Студентті ұрлаған сезікті із-кесушілерді алдап түсірмек болған! Айзада Авлатарованы тапқан әскерилер қолға түскен күдіктінің құйтырқы әрекеттері жайлы айтып берді. Теміржол бойында көзге түскен ол қыздың қолын қысып ұстап, оны «жай танысым» деп сытылып кетпек болған екен. Алайда, құжатын сұрағанда, сөзден тосылып қалған. Сол арада Айзада да жауынгерлерге белгі беріп, «құтқарыңдар» деп жылап жіберіпті. Бір аптаға жалғасқан қызды құтқару

шарасы жайында Аруна Ортай толығырақ.

Жоғалған қызды тауып, ата-анасына аман-есен тапсырған осы жігіттер. Төртеуі – ұлттық Ұлан жауынгері. Күдіктінің жолын бөгеген иісшіл ит те бар. «Зерон» оны алыстан байқап, үріп қоймаған екен.  

Рустам Сердалдинов, ұлттық Ұлан офицері:

-Қыздың өзі қорқып тұрды. Қорқытып тастаған. Жеті күн болды ғой қасында жүргеніне. Қыз қорқып тұрды. Дірілдеп тұрды ана қыз. Содан кейін үндемей тұрды ғой.

Күдікті Айзада Авлатарованы теміржол бойымен аулаққа әкетіп бара жатқан екен. Жауынгерлер оларды тоқтатып, құжатын сұрай бастағанда бойжеткен жылап жіберген.  

Арман Әлімбетов, кинолог:

- «Жай ғана менің танысым» деген сөзінен ұсталды. Қалай ол сіздің танысыңыз дегенде ол «жай, бұл менің таныс қызым» деді.

Нұрхан Тілеухан, ұлттық Ұлан сарбазы:

-Қызға қарасам, көзі жасаурап тұр екен. Содан «не болды сізге?» деп сұрақ қойған едім, қыз жылап жіберді. Сол.

Қызды ұрлаған 45 жастағы Игорь Токарев болып шықты. Күдікті бұған дейін де бірнеше мәрте сотталған екен. Қайта абақтыға жабылған оның бұдан басқа да жасаған қылмыстары болуы мүмкін. Ал табылған қыздың өзі, аман-есен. Психологтар онымен қазір тілдесіп жатыр. Ал қаскөйдің жолын кескен сарбаздарды басшылығы марапатқа ұсынбақшы.

Жоғалған Айзаданы тапқан төрт жауынгер де міне мына 55712 әскери бөлімшесмінде Отан алдындағы міндетін абыроймен өтеп жатыр. Сүйінші хабардан соң, олардың туған жерлерінен ата-аналары қуана қоңырау шалыпты. Бірақ, ең маңызды марапат-16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні болмақ. Онда жігіттер қырағылығы үшін делінген Ұлттық Ұланның төсбелгісімен мараптталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін