Алматыда "Киномания" тақырыбында кино әуесқойларының фестивалі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Киномания" тақырыбында кино әуесқойларының  фестивалі басталды

Алматыда "Киномания" тақырыбында кино әуесқойларының фестивалі басталды

Бүгін, 13-шілдеде Республикалық "Отан" саяси партиясының шешімімен "Киномания" тақырыбында кино әуесқойларының фестивалі басталды. Шара 13-тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы "Отан" партиясыынң жастар қанатының жетекшісі Тәңірберген Бердонғаров құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Шiлде 2004
  • 983
Фото - Caravan.kz

Т.Бердонғаровтың айтуынша, шара мақсаты жастар арасындағы шығармашылықты ынталандыру, жастардың демалысын ұйымдастыру болып табылады. «Киномания» фестивалі қазақстандық жастар киносына шығармашылық бұқара назарын аудару, Қазақстанның дүниежүзілік кеңістіктегі мәдени беделін нығайту, әлемдік өнер әлеміне кірігуге түрткі болу мақсаттарын көздейді.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына қатысқан «Қазақфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас директоры Сергей Азимовтың айтуынша, фестиваль шеңберінде «Өзімді болашақта қалай елестетемін» деген тақырыпта әуесқой фильмдер арасында шығармашылық байқау өткізіледі. Киномания» тақырыбындағы кино әуесқойларының фестиваліне қатысуға құлықтылар сценарий жоспарын ұсынып, байқаудың ұйымдастыру комитетіне өтініш беруі тиіс. Тіркелген әрбір қатысушы қазақстандық танымал режиссерлар мен әртістер өткізетін тренингтерге қатыса алады. Ұсынылатын сценарийлерге Қазақстан, отаншылдық, жастар және қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар мәселелер тақырыбы арқау болуы тиіс.
Биылғы жылдың 13-тамызында финалға шыққан туындылардың көрсетілімі ұйымдастырылады. Байқауға Канны қаласындағы халықаралық кинофестивальдің жүлдегері «Шиза», «Жаңғыру аралы», «Кішкентай адамдар», «Тіршілік аумағы», «Достық», «300 шақырым», «Сақау салқын» кинофильмдері мен «Құйыршық» қуыршақ фильмі қатысады. Жүлдегерлерге «Таңдаулы сценарий үшін», «Ер адам ролін ең үздік сомдағаны үшін», «Әйел бейнесін ең үздік сомдағаны үшін», «Таңдаулы операторлық еңбегі үшін», «Таңдаулы режиссерлық еңбегі үшін», «Сапасы үшін» номинациялары бойынша сыйлықтар үлестіріледі.
Баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген «Отан» партиясының өкілдерінің атап көрсетуінше, қазақ халқының мәдени құндылықтарын зерттеудің біртұтас жүйесін құруға бағытталған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын партия сатылы түрде жүзеге асырып келеді.

Соңғы жаңалықтар