Жарияланды: 310

Алматыда кортежге жол бермеген велосипедшіні полицейлер сабап тастады

Алматыда кортежге жол бермей өтіп кеткен велосипедші  полицейлерден таяқ жеді.

Видеоға қарағанда, оқиға Тимирязев көшесінің қиылысында болған. Жол бойында келе жатқан велосипедші кортеждің қозғалысына кедергі келтіріпті. Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтамастан, оған тап берген. Тіпті велосипедін тастай қашқан жігітті полицейлер қуып жүріп сабаған. Ал велосипедшінің оңбай таяқ жеуіне себеп болған қандай кортеж екені әлі белгісіз. Ішкі істер департаменті бұл туралы ештеңе айтпай отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін