Алматыда котеджін жезөкшелердің ордасына айналдырған азамат айыппұлмен құтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда котеджін жезөкшелердің ордасына айналдырған азамат айыппұлмен құтылды

Алматыда котеджін жезөкшелердің ордасына айналдырған азамат айыппұлмен құтылды

Үйін азғындықтың ордасына айналдырған! Алматы тұрғыны 2 қабатты котеджін «түнгі көбелектерге» толтырып күнін көрген. Күндіз-түні қонақ үзілмейтін қыздардың ордасын түн ұйқысы төрт бөлінген көршілер ұстап берді. 

  • 6 Қазан 2015
  • 206
Фото - Caravan.kz

У-шудан әбден мезі болған тұрғындар полицияға хабар беріпті. Сөйтсе, 2 қабатты коттедждің іші-сыртына дейін жезөкшелер қаптап жүр екен. Жасы әлі жиырмадан аспаған бойжеткендер өздерінше кәсібін домалатқан. Ал үй ішінде тазалық деген атымен жоқ. Соған қарамастан, келушілердің қарасы көп. Құрылысын жаңа бастаған үйдің қожайыны да осында жүр. Сірә, қыздардың қызығына ол да батса керек. Бірақ үйін азғындықтың ордасына айналдырған азамат тек айыппұл төлеп жазадан сытылып кетті.