Жарияланды: 230

Алматыда тұрақ қызметкерін атқан жігіт түрмеден құтылды

Алматыда 50 теңгеге бола автотұрақшыны атып салған азамат жазаланды. Тапа-тал түске тапаншадан оқ жаудырған жігіттің кішкентай сәбиі барын ескеріп, сот оны бес жылға тек бостандығын шектеді.

Қаланың қақ ортасында автотұраққа ақы төлемеу үшін травматикалық тапаншамен адам жаралап, аты шыққан Иван Хуторнойды прокурорлар бұған дейін 3 жылға абақтыға жабуды сұраған еді. Алайда істі 8 ай қараған сот жігіттің жазасын жеңілдетті. Үкім бойынша, енді оның бес жыл бойы тұрғылықты жерін өзгертуіне және көңіл көтеру орындарына баруына болмайды. Әрі тәртіп сақшыларына жиі төбе көрсетіп жүруі тиіс. Бұл оқиға сонау наурыз айында жұрттың жағасын ұстатқан. Көлігін автотұраққа қойған жүргізуші 50 теңге төлегісі келмей, ақы сұраған автотұрақшыны травматикалық тапаншамен атқан болатын. Салдарынан 20 жасар жігіт аяғынан жараланып, ауруханадан бір-ақ шықты. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін