Алматыға әлемнің үздік суретшілері жиналды
Алматыда халықаралық жас суретшілер фестивалі шымылдығын түрді. Үшінші рет ұйымдастырылған «АRT - Самғау» байқауында отандық және шетел қылқалам шеберлері бақ сынауда. |
Фестивальге бейнелеу өнері шеберлерінің 50-ден астам шығармашылық жұмысы таңдап алынған. Оларға елімізге белгілі суретшілер мен өнер саласындағы кәсіби мамандар баға береді. Бір ерекшелігі, биыл байқауға отандық суретшілермен қатар Болгария, Қытай, Мысыр сынды 7 елден келген қылқалам шеберлері де қатысып жатыр. Шара аясында олардың туындыларынан көрме ұйымдастырылған. Жас суретшілер фестивалі 2 жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Өнер байқауы Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өтуде.
Бибігүл Нүсіпжанова, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры:
-Фестиваліміз балалар үшін. Жас дарындар үшін. Олар көрсе екен, білсе екен, Қазақстанның табиғатымен, біздің мәдениетімізбен таныссын деген ойда жасалған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін