Жарияланды: 240

Алматылықтар аң терісіне бола жануарларды өлтіруге қарсы шықты

Алматыда түлкі мен құндыз терісінен жасалған тондардан бас тартуға шақыратын шеру өтті. «Жануарлар киім емес» деп ұрандаған белсенділер мәселеге жұрттың назарын осылай аудармақ болды.

Алматы елімізде аң терісіне бола жануарларды өлтіруге қарсы шығып, халықаралық акцияны қолдаған алғашқы қала. Осылайша Қазақстан, Ресей, Украина мен Беларусьтің 60-тан астам қаласы түлкі, қоян және құндыз терісін сән ретінде киетін адамдарға үндеу тастады. Қазір теріден тігілген киім сәннен қалып, қатыгездіктің нышанына айналған дейді белсенділер. Ал аязды күні тоңып қаламын дегендерге, жылы жүрудің өзге жолы көрсетті. Онда қалың киімдердің іші табиғи материалдан қалыспайтын фиброталшық пен холлофайбермен толтырылған. Көпшіліктің теріден мүлдем бас тартуы үшін тері өндірісінің ащы шындығы көрсетілген суреттер де жария етілді.

Нұрбек Әбішев, шараны ұйымдастырушы

Қазіргі таңда көп альтернативалар бар. Ол қарапайым текстильден жасалған арзан, гипоаллергенді десе де болады. Экологиялық таза, жылы сол себепті құндыз және басқа да сүйкімді жануарларды олардың терісіне бола өлтіруге болмайды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін