Жарияланды: 320

АҚШ мыңдаған сотталушыны түрмеден босатпақ

АҚШ мыңдаған сотталушыны түрмеден босатпақ

АҚШ Әділет министрлігі есірткі саудасымен айналысып ұсталған 6 мыңға тарта адамды түрмеден шығаруға мүдделі болып отыр, - деп хабарлайды 

href="http://today.kz/">today.kz.

Олардың кейбіріне баспана беріліп, кейбірі үй қамағына алынады.

ТАСС агенттігінің хабаралуынша, ел үкіметінің мұндай шешім қабылдауына түрмелердегі адамдардың шамадан тыс көбейіп, оларға бюджеттен жұмсалатын шығынның артуы себеп болып отыр. Биылғы жылдың сәуір айында АҚШ үкіметі есірткі саудасымен айналысқан қылмыскерлердің жазасын едәуір жеңілдеткеннен кейін бұл өзгерістер осындай шешім шығаруға себеп болып отыр.

АҚШ Әділет министрлігінің дерегіне сүйенсек, қазіргі кезде елдегі федералды түрмелерде 200 мыңға тарта адам жазасын өтеп жатыр. Үкімет 2016 жылдың соңына дейін олардың санын 188 мыңға дейін қысқартуды жоспарлап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін