Ақша айырбастау орындарында доллар құны 330 теңгеден асты
![]() |
Бүгін Астанадағы валюта айырбастау орындарындағы, банктердегі 1 АҚШ долларының құны 331 теңгеге дейін өсті. |
«Қазкомбанкте» 1 долларды сатып алу - 328,50 теңге, сату 330,50. Банктің ресми сайтында - 329 теңге. Сондай-ақ өзге банктерде де доллар бағамы көтерілді. Халық банкте 330,49 теңге, Банк Центркредит 331 теңгеге жетті.
KASE қор биржасындағы таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша 1 доллар үшін бекітілген баға - 322,47 теңге.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін