Ақтөбе мен Қостанай жұрты көктайғақтың зардабын тартып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе мен Қостанай жұрты көктайғақтың зардабын тартып жатыр

Ақтөбе мен Қостанай жұрты көктайғақтың зардабын тартып жатыр

Көктайғақтың зардабын ақтөбеліктер де тартып жатыр. Мұзға жығылып жазым болғандар саны мұнда екі есеге артқан. Облыстық жедел жәрдем ауруханасының мамандары бір күнде сүйегі сынған жиырмаға тарта тұрғынға көмек көрсетіпті.

  • 11 Желтоқсан 2015
  • 261
Фото - Caravan.kz

Ақтөбедегі коммуналдық қызмет жұмысшылары көше бойындағы көк мұзды ойып үлгермей жатыр. Сондықтан көпқабатты тұрғынүй ауласына әлі құм себілмеген. Ал көрші жатқан Қостанайдың әкім-қаралары мұзға айналған қаланы ретке келтіруге асығар емес. Тіпті облыс әкімдігіне қарсы жатқан орталық алаңда коньки тебуге болады. Ал қала сыртындағы жолдарға мүлдем тұз аралас құм себілмеген. Сондықтан көптеген жүк көліктері жолға шыға алмай, кәсіпкерлер шаш етектен шығынға батып жатыр.