Ақтөбе облысында ҰҚК лауазымды қызметкерінің өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Ақтөбе облысында Мұғалжар аудандық Ұлттық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары өзін атып өлтірді. Қызметтестері оны кеңсесінде өліп қалған жерінен тапқан. |
39 жастағы Құдайберген Дауымбеков өз саласының білікті маманы болыпты. 2011 жылы атышулы Шұбаршидегі лаңкестерді жою шарасына атсалысқан екен. Екі баланың әкесі қызметтік қаруынан атылған оқтан қайтыс болды. Дегенмен әріптестері ол өз-өзіне қол салған жоқ деп отыр. Айтуларынша, табелді қаруы абайсызда атылып кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайын ішкі істер органдары анықтап жатыр. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер де қызметтік тексеруге кіріскен.
Виталий Беспалько, ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментінің ресми өкілі:
-Қызметкеріміздің табелді қаруы абайсызда атылып кеткен. Басынан тиген оқтан қайтыс болды. Қазір тексеру жүріп жатыр. Бұдан өзге айтарымыз жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін