Ақтөбедегі лаңкестік оқиға қалай болып еді? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбедегі лаңкестік оқиға қалай болып еді?

Ақтөбедегі лаңкестік оқиға қалай болып еді?

Бүгін Ақтөбеде жазда орын алған атышулы лаңкестік оқиға бойынша сот отырысы басталды. Күдікті ретінде 29 адам қатысуда. Оларды 27 адвокат қорғайды.

  • 18 Қазан 2016
  • 1170
Фото - Caravan.kz

Дүйім жүртты шулатып, талайды қан қақсатып кеткен Ақтқбедегі лаңкестік оқиға қалай болды?  Сaravan.kz медиа-порталының тілшілері қазір сот ісі өтіп жатқан осы оқиғаны рет-ретімен баяндап көруді жөн санады.

5-маусым. Ақтөбе қаласының жұртшылығы шаhарда әлдебір қылмыстық оқиғаның болғаны туралы әлеуметтік желілерден там тұмдап ести бастады. Әрі бұл жел сөз емес, шындық еді.

Сағат 14:30 мөлшері шамасында қаруланған 20 шақты адам қару-жарақ сататын «Паллада» дүкеніне басып кіреді. Дабыл қондырғысын қосып үлгерген дүкен күзетшісін қылмыскерлер бірінші өлтіріп, керекті қару жарақтарды өздерімен алып шығады.

Ал сыртта келіп жеткен күзет компаниясының қызметкерлерімен қақтығысып, бір адамды атып өлтіреді. Тағы бірнеше адам жарақат алады. Одан бөлек үш полиция қызметкері оқ тиіп, жараланады.

Алғашқы қарулы қақтығыстан үстем шыққан лаңкестер екіге бөлінеді. Полиция көлігіне мінген алғашқы топ «Пантера» дүкеніне бет алады. Мұнда да қарсылыққа тап болған олар бір адамды өлтіріп тастайды. Дабыл бойынша жеткен полиция қызметкерлерімен қақтығыс кезінде содырлардың үшеуі оққа ұшады.

Ал қарлуы топтың негізгі бөлігі жолда кетіп бара жатқан автобусты басып алады.Көліктегі жолаушыларды түсіріп тастаған олар «Ұлан» әскери бөліміне бет алады. Кіре берісте күзетте тұрған үш әскери алғашқы болып оққа ұшады. Атыс кезінде лаңкестерден де біреуі көз жұмды. Ақыры әскерилер мен келіп жеткен полиция жасағы тойтарыс береді. Әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасына жете алмаған лаңкестер кері шегініп, із суытуға мәжбүр болады. Олардың сол күні төртеуі мерт болып, жетеуі ұсталды.

6-маусым
күні түнде із кесу шаралары кезінде тағы бес экстремистің көзі жойылды, екеуі ұсталды. Қылмыскерлерден ұрланған қару-жарақтың басым бөлігі тәркіленіп алынды.

6-маусым күні Ақтөбеде лаңкестік қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

7-маусымда Ақтөбе облысында қанды оқиғаға қатысы бар 8 адамға іздеу жарияланды.

7-маусымда еліміздің барлық аумағында террорлық қауіптің "сары" түсті деңгейі жарияланды. Лаңкестерді іздеу шаралары жалғасты.

8-маусымда еліміздің Ішккі істер министрлігі көзі жойылған лаңкестердің саны 13 ке жеткенін мәлімдеді. Қалған қылмыскерлердің мекен-жайын анықтау және оларды ұстау бойынша барлық шаралар қабылданды.

Ақтөбе қаласында терроризмге қарсы күрес операциясы режимі енгізілді.

8-маусым күні таңға жуық тағы бір лаңкес ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді. Ол Қобда ауданы Қобда ауылында жасырынып жүрген жерінде ұсталған. Іздеуде жүрген қалған сезіктілердің саны алтау.

9-маусым күні ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

10-маусым күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбеде террористерді ұстауға арналған арнайы операция жүргізіліп жатқанын жариялады. Соған қарамастан, қылмыскерлер қарулы қарсылық көрсеткен. Бұл кезде қайтыс болғандардың саны жетіге жетіп, он үш лаңкестің көзі жойылғаны мәлім еді.

12-маусымда іздеуде жүрген 6 лаңкестің екеуі ұсталды

12-маусым күні кеште іздеуде жүрген соңғы күдікті ұсталды.

Соңғы жаңалықтар