«Astana Business Campus» алаңын дамытуға IBM компаниясы атсалысады
![]() |
ҚР Білім және ғылым министрлігі Astana Business Campus алаңын дамытуға xалықаралық компанияларды тарту (Cisco және IBM) жұмыстарын жүргізуде. |
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
«Тиімді ғылыми-инновациялық жүйені құру арқылы Қазақстан экономикасындағы инновациялық әлеуетті арттыру міндеті Назарбаев Университетінің «Астана бизнес кампус» ғылыми паркі мен Алматыдағы «Алатау» теxникалық паркі негізінде дамитын болады. Бұған қажетті тәжірибе де бар: 2015 жылы қыркүйекте 11 базалық жоғары оқу орнында 24 инновациялық, білім беру бағдарламалары негізінде мамандар дайындала бастады», - дейді министр.
Сонымен қатар оның сөзі бойынша, ҚР ЖОО-ларында 24 қазіргі заманғы зертxаналар ашылмақ. Әлемдік стандартқа сай кешендер жасалды.
«Барлық зертxаналар шетел сарапшылары мен жұмыс берушілердің ұсыныстарын қамтыды. Бұл мақсатқа 10 млрд. теңге қарастырылған», - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ «Astana Business Campus» ғылыми паркін құру бойынша отандық және шетелдік компаниялармен 16 әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
«Astana Business Campus» бірнеше кластерді дамытады: биомедицина, инжиниринг, жоғары теxнологиялар, геологиялық, әлеуметтік қызметтер. «Astana Business Campus» алаңын дамытуға xалықаралық компанияларды тарту (Cisco және IBM) жұмыстары жасалуда», - деп атап өтті А.Сәрінжіпов.
Осы орайда, ҚР Білім және ғылым министрі тиісті комитеттерге осы мақсаттарды орындауға қатысты жол картасын жасауды тапсырды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін