Астанада атышулы «Благодать» ұйымының белді мүшесі Ислам дінін жоққа шығарған
Ұстазынан соң шәкірті шатылып жатыр! Астанада атышулы «Благодать» діни ұйымының белді мүшесі Ықылас Қабдуақасовқа қатысты сот басталды. Христиан пасторға «діни алауыздық туғызды» деген бап бойынша айып тағылған. 54 жастағы сектант былтыр осы ұйымға жетекшілік етіп 4 жылға шартты түрде сотталған Бақытжан Қашқымбаевтың шәкірті. |
Айыпталушы сот процесіне кісенмен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жеткізді. Тергеу материалдарына қарағанда, Ықылас Қабдуақасов Ислам дінін Мұхаммед пайғамбардың ойлап тапқанын айтып, діни алауыздық туғызыпты. Тіпті, пірәдар осы туралы әдеби кітаптар таратып аңғал адамдарды жат ағымға жетектеген. Жұртты жұмыс орнына, жалдамалы пәтеріне алдап шақырып та уағыз айтқан. Ал, кінәсін жартылай мойындаған Қабдуақасов осы талайды тура жолдан тайдырған «Благодать» діни ұйымын басқарған Бақытжан Қашқымбаевтың шәкірті. Сектант ұстазы былтыр «экстремизмді насихаттағаны» үшін 4 жылға шартты түрде сотталған болатын. Ол кезде тіпті Қашқымбаевтың сөзін халықаралық ұйымдарға дейін сөйлеп жазасы жеңілдегені есте. Ал, оның ісін жалғастырған пастордың кінәсі дәлелденсе 10 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін