Астанада «Еуразиялық экономикалық перспектива» халықаралық форумы өз жұмысын бастады
![]() |
Елордада «Еуразиялық экономикалық перспектива» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады. |
«Бұл форум 2013 жылы Ресей Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының бастамасымен алғаш рет Санкт-Петерборда өткен болатын. Кейіннен форум жұмысы Минск пен Ереванда жалғасын тапты. Өзінің құрылғанынан бергі осы уақыт ішінде форум парламентші әріптестер, сарапшылар, ғалымдар қауымы арасында кеңінен қолдау тапқан салиқалы диалогтық алаңға айналды. Бүгін міне осы дәстүрлі бас қосу астанада өтіп жатыр», - деді форум жұмысын ашқан ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов.
Сонымен қатар ол өз сөзінде бүгінгі форум Еуразиялық экономикалық одақ пен «Жібек жолы» экономикалық белдеуі кеңістігіндегі өзара тиімді экономикалық іс-қимыл мәселелеріне арналатындығын атап өтті.
Айта кетейік, форум жұмысына РФ Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының төрағасы С.Нарышкин, Тәжікстан Республикасы Мәжілісінің төрағасы Ш.Зухуров, ЕЭК алқасының төрағасы В.Христенко, ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Қоршаған ортаны және ресурстарды қорғау комитетінің төрағасы Лу Хао қатысуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін