Жарияланды: 270

Астанада танымал кәсіпкерді өлтірмек болғандар сараптаманы қайта өткізуді сұрады

Астанада тапсырыспен атып өлтірілмек болған танымал кәсіпкердің ісі басқаша қарқын алды. Себебі айыпталушы тарап бизнесмен Олжас Мұқажановтың алған жарақатының ауырлығына күмән келтіріп отыр.

Бұнымен ажалдан аман қалған зардап шегуші келіспейді. Өйткені «Бәйтеректің» жанында атылған он оқтың алтауы тиген. 36 жастағы  кәсіпкердің қастандық жасамақ болған күдіктілердің бірі - Камил Ибишев изоляторда, екіншісі  Илдус Дәуітов қолхатпен бостандықта жүр. Ал тергеу материалдарына сүйенсек, бизнесменді өлтіруге тапсырыс берген бала кезден бірге өскен досы Қауіпсіздік кеңесінің экс-қызметкері Ерлан Анарбек екен. Достар табысты бизнесті өзара бөлісе алмаған. Қылмысты ұйымдастырған басты күдікті Мұрат Садыров та сотқа үйінен келіп жүр. Дәл осы Садыровтың адвокаты қылмыстық іс бойынша әзірленген сот-медициналық сараптаманың қорытындысын мүлдем жою туралы судьяға шағым түсірді.

Таир Назханов,  Мұрат Садыровтың адвокаты:

-Тәуелсіз сарапшы сот-медиуциналық сараптаманы жіті қарап, жәбірленуші жеңіл жарақат алған деген қорытындыға келді. Яғни, кәсіпкер Мұқажановтың өміріне аса қауіп төнбеген. Сондықтан, сот-қылмыстық сараптамалардың күшін жойып, оны дәлел ретінде қараудан бас тартуыңызды сұраймын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін