Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Апалы-сіңілі Кәмшат пен Алтынай әлеуметтік желідегі жұртты тағы да таң қалдырды. Әдетте ашық образымен көпшіліктің кереғар пікіріне ілінетін қос бикеш, бұл жолы отбасылық ансамбльмен ән шырқады.
«Қымбатты ағайын! Біз туған жеріміз Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласындағы ата-анамызға, ағайын-туыстарымызға, ұстаздарымыз бен бірге ойнап өскен достарымызға, кең байтақ жусанды даламызға, қарт Каспийге сағынышымызды жеткізгіміз келді», – дейді Кәмшат.
Бұл ұжымда Алтынай солист, Кәмшат күйсандықта, інісі гитара аспабында ойнаған. Алыстағы ағайынға ән арнаған сылқымдардың бұл әрекеті халықтың сүйіспеншілгін оятқаны анық. Сондай-ақ, желідегілер кезіндегі «Жолдыбаевтар ансамблінің» қайта жанданғанына да алғыс айтуды ұмытпады.
«Бүкіл әлем мен біздің еліміздің басына түсіп жатқан қиын күндер, қашықтағы қымбат адамдарға деген жүрегіміздегі сағынышты арттыруда. Біз ойымызбен, жүрегімізбен әрдайым біргеміз. Және де он, жиырма, жүз күн өтсін амандықпен әрқашан кездесейік», – деді Жолдыбаевалар.
Карантин кезінде Қайрат Нұртастың шаңырағындағылар да шығармашылықты естен шығарған емес. Әйгілі «Ламбадаға» флешмоб ұйымдастырған жұлдызды жанұя, аталған әннің ырғағымен үй жағдайында ерекше би қойылымын көрсеткен.