Жарияланды: 430

Байқоңырдан бүгін Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышы сәтті ұшырылды

Байқоңыр. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан бүгін Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігі "Протон-М" зымыран тасығышымен 2008 жылдың 6-қараша күні Астана уақытымен 02 сағат 44 минутта №200 алаңының ұшырылым кешенінің №39 ұшырылым қондырғысынан қалыпты режимде ұшырылды. Зымыран тасығыштың бірінші және екінші сатылары ұшу циклограммасына сәйкес дәл уақытында бөлінді. "Протон-М" зымыран тасығышы ғарыштық аппаратты тірек орбитаға шығарды. Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған. Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін