"Болашақ" студентін 25 млн астам теңге төлеуге міндеттеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Болашақ" студентін 25 млн астам теңге төлеуге міндеттеді

"Болашақ" студентін 25 млн астам теңге төлеуге міндеттеді

Студентті "Болашақ" стипендиясынан айырып, сабақ үлгерімінің нашар болуына байланысты 25 миллионнан астам теңге төлеуге мінеттеді, деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі. 

Сот хабарламасына сәйкес, 2009 жылы Республикалық кадрларды шетелде даярлау комиссиясының шешіміне сәйкес, С.есімді азамат "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанып, Ұлыбританияда "Құрылыс және архитектура" мамандығы бойынша білім алу туралы қаулы шыққан. Тараптар арасында білім беруді ұйымдастыру туралы келісім жасалып, оған сәйкес, жауапкердің академиялық үлгерімі "жақсыдан" төмен болмауы керек болатын. 

  • 1 Наурыз 2017
  • 258
Фото - Caravan.kz


Алайда сотта белгілі болғандай, жауапкер үлгерімі туралы бөлімдегі талаптарды орындамай, келісімді бұзған. Ол "Болашақ" халықаралық стипендиясынан айырылып, шетелде білім алуға жұмсаған шығындарды қайтаруға міндеттелді. Астана қаласының Алматы аудандық сотының шешімімен С. есімді азамат "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның пайдасына 25 миллион 675 мың 842 теңге ақша төлейді. 

 

Соңғы жаңалықтар