Бүгін еліміздің солтүстік-батыс және шығыс аймақтарында күшті жел соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 544.87
  • 639.02
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің солтүстік-батыс және шығыс аймақтарында күшті жел соғады

Бүгін еліміздің солтүстік-батыс және шығыс аймақтарында күшті жел соғады

14 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

  • 14 Желтоқсан 2015
  • 663
Фото - Caravan.kz


Тек батыс, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болатындықтын, жауын-шашын жауады, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 
Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасынмен бірге соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 
Алматы облысында Жалаңашкөл аймағында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. 
Жамбыл, Солтүстіқ Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, күндіз Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұрқасын болады.