"Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ": Әкім Ұйғыр ауданының атауына қатысты жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ": Әкім Ұйғыр ауданының атауына қатысты жауап берді

"Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ": Әкім Ұйғыр ауданының атауына қатысты жауап берді

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз конференциясы өткізді..

  • 5 Қараша 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Абай.кз-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Баспасөз жиыны барысында «Qazaq Times» сайтының тілшісі Асан Анарбайұлы Баталовқа Ұйғыр ауданының атын өзгерту мәселесі жайлы сұрақ қойды. 

Сұрақ: Амандық Ғаббасұлы, Ұйғыр ауданының атауы жөнінде, Шонжы ауылының атауы жөнінде қоғамда көптен бері талқыланып келеді. Биыл маусым айында қазақ жастары мен ұйғыр жастары арасында қақтығыс болғаны есімізде. Ұлтаралық бірлік мәселесін ушықтырмас үшін көпшілік Ұйғыр ауданының атауын Қарадала, Шонжының атауын Әлмерек деп өзгертуді ұсынған. Сіз осы ұсынысты жоғары инстанцияға жеткізуге уәде бергеніңізбен, аудан әкіміне хат жолдаған екенсіз. Аудан әкімдігі мұндай шешім шығаруға құзіреті жоқ екенін айтады. Ал ономастикалық талдау бөлімі әкімдік ұсыныс берсе, мұны республикалық кеңесте талқылауға дайын екенін айтады. Бұл мәселенің шешім таппай, осылай сиырқұймшақтанып кетуіне не себеп?

Жауап: Сол жердегі сыйлы ақсақалдарды, Ызғарбек Бектұрсынұлын шақырып, бәрін баяндап бердім. Жағдайдың қазіргі кезде қандай екенін айттым. Жұмыс істеліп жатыр. Бірақ қазіргі сәтте бұл мәселе күнтәртібінде тұрған жоқ. Себебі, қазір сайлау науқаны басталайын деп жатыр. Осының алдында біз сайлаушылардың тізімін нақтыладық, сайлау учаскелерін түгендедік. Сол үшін осындай кезде көшенің атын, ауданның атын ауыстыру секілді жұмыстарды істеуге болмайды. Қазір сайлаушылардың тұратын жерін өзгертуге болмайды. Сайлау науқаны өткеннен кейін бұл мәселеге қайта ораламыз. Нақты шешімін сол кезде сіздерге жеткіземіз.


Сұрақ: Баспасөзде облыстық әкімдіктен аудан әкімдігіне хат жолданғаны туралы ақпарат шықты…

Жауап: Мен ешқандай хат жіберген жоқпын. Сіздерге айтқан уәделерімнің бәрін орындадым.

Соңғы жаңалықтар