Бурабайда елік атқан аңшыны орманшылар үйіне дейін қуған - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бурабайда елік атқан аңшыны орманшылар үйіне дейін қуған

Бурабайда елік атқан аңшыны орманшылар үйіне дейін қуған

Бурабайдың аңдарын баудай түсірген браконьерлер! Ақмола облысында осы ұлттық парк аумағында заңсыз саятшылық құрғандар қолға түсті.

  • 18 Қараша 2014
  • 209
Фото - Caravan.kz

Енді ғана жауған ақ қарда тұяқтылардың ізіне түскен броконьерлер 2 елікті сұлатыпты. Түнгі тыныштықты бұзған мылтық дауысын орманшылар естіген. Жүйткіген джиптің соңына түскен де солар. Қуғыншылар бар екенін байқаған көлік жүргізушісі Степняк қаласына дейін қашып, құтылмақ болған. Бірақ, табиғат қорғау полициясы мен орманшылар қаскөйлерді үйлеріне дейін қуып барды. Көлік иесінің әйелі оның мас екенін айтып, жасырып бақты. Ал жүк салғышын ашса, еліктің бөлшектелген еті табылған. Қазір табиғат қаскөйінің тағы екі сыбайласы іздестіріліп жатыр.


Медет Бермағанбетов, орманшы:

-Орман маңын аралап рейд жасап жүргенбіз. Түнгі 3-ке таман бірнеше рет атылған мылтық даусы естілді. Көп іздедік. Біздің көліктерді байқап қалып джип мінген үшеу қаша жөнелді. Олар кәнігі аңшылар. Өйткені аз ғана уақытта еліктің етін бөлшектеп үлгеріпті.