Жарияланды: 40

Данэлия Төлешова The World's Best шоуының финалына өте алмады

Данэлия Төлешова The World's Best шоуының финалына өте алмады

Желіде қазақстандық әнші Данэлия Төлешованың "The World's Best" жобасында өнер көрсеткен сәті жарияланды.

Жас әнші жартылай финалда әлемге әйгілі әнші Pink-тің екі жыл бұрын жарыққа шығарған "What About Us" атты әнін шырқады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жерлесіміздің өнер көрсеткені жоба көрермендері мен қазылар алқасының көңілінен шыққан. Қазылар алқасының мүшелерінің бірі, актер әрі әнші Ру Пол Данэлияға "супержұлдыз" - деген баға берді.

Өкінішке орай, отандасымыз финалға өте алмай қалды. Ал жобаның жеңімпазы үндістандық пианист Лидиан Надхасварам атанды. Жеңімпаз 1 миллион долларға ие болды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть