Жарияланды: 70

"Димаштың қатысып жатқанын білмедім". Данэлия The World's Вest шоуында 96 ұпай жинады

"Димаштың қатысып жатқанын білмедім". Данэлия The World's Вest шоуында 96 ұпай жинады

Данэлия Төлешова The World's Вest шоуына қатысу кезінде кейбір мән-жайды түсіндірді.

Бұл туралы  Тengrinews.kz хабарлады..

Бірінші кезеңде Данелия Rise up композициясын орындады. Жас әнші төрешілерді өз өнерімен тәнті етті. Актриса Дрю Бэрримор көз жасына ерік берді. Қазақстандық қыздың өнеріне "таңғаларлық" деген баға берілді, ал Данэлияның өзі "вокал ғажайыбы" деген атаққа лайық болды. "Rise up әні маған қатты ұнайды. Бұл шоуда әндерді таңдау бізге ғана емес, продюсерлерге де байланысты. Біз оларға мен орындай алатын әндер тізімін ұсындық. Олар менің даусыма сай келетін әнді таңдап алды. Олардың пікірінше, бұл ән менің вокал мүмкіншіліктерімді толық ашады", - дейді әнші.

Бас қазылар алқасының орташа балы 47 ұпай болды. Дрю Бэримор ең жоғары баға - 50 ұпай, Ру Пол - 47, ал Фэйт Хилл - 45. "Әлем қабырғасы" (әлемнің түрлі елдерінен келген көптеген қазылар алқасы) әншіге мүмкін болатын 50 балдың 49-ын берді. Тек Канададан келген сарапшы қазақстандыққа дауыс берген жоқ. Нәтижесінде Данэлия Төлешова 96 ұпай жинады. "Бұл жобаға мені продюсерлер шақырды, олар бұрындары менің өнерімді көрген екен. Олар әлемнің үздік орындаушыларын, бишілерын, спортшыларын, сиқыршыларын және тағы басқаларын шақырады. Бұл шоуда мені The Vocal Wonder ("вокал ғажайыбы") деп атағанына өте қуаныштымын. Мен бұл атақты ақтауға тырысамын. Менің әрбір жобам бұрынғылардан ерекшеленеді. The world 's Вest - мүлде басқа формат, басқа деңгей, басқа ауқым", - деді Данэлия Төлешова.

Оның айтуынша, продюсерлер қатысушыларға бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тыйым салған, ал Димаш Кұдайбергеннің осы шоуға қатысатыны Данэлия тек соңында білген. "Шоудың форматы бойынша бізге бір-бірімен сөйлесуге, ақпаратпен алмасуға тыйым салынды. Сондай-ақ, біз басқалардың өнер көрсетуін көре алмадық. Қазір мен шоуды көре отырып, бізбен бірге дайындық бөлмесінде және дәліздерде ойнаған адамдар қандай керемет нәрселерді жасайтындығына таң қалып отырмын. Бәсекелестіктің өте мықты екенін түсіндім. Шоу соңында мен Димаштың қатысатынын білгенде таңырқап қалдым. Келісімшарт бойынша біз ақпаратпен алмасу және қарым-қатынас жасауға болмайтындықтан, ол менің жобаға қатысатынымды және мен оның қатысатынын білмедім. Кездескен кезімізде,бірдей эмоцияда болдық. Сонымен қатар, біз бір - бірімізді көргенімізге қуаныштымыз, бірақ осы байқауда сайысатынымызды білгенде қапаландық", - депді әнші. Қазақстан атынан шыққан ол Andra Day деген әншінің Rise up әнін орындады. Бұл әнді ол Украинадағы таланттар шоуында шырқаған.
 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін