Жарияланды: 1400

Елбасы Мединадағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды

Елбасы Мединадағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен барды. Медина қаласына келісімен Нұрсұлтан Назарбаев провинция губернаторы, ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды, сондай-ақ Масджид ан-Нәбауи мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты.

Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр Рияд қаласына келді.

Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғаларымен және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізу қарастырылған.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін