Елена Рыбакинаның Уимблдон ширек финалындағы қарсыласы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елена Рыбакинаның Уимблдон ширек финалындағы қарсыласы анықталды

Елена Рыбакинаның Уимблдон ширек финалындағы қарсыласы анықталды

 

  • 11 Шiлде 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалына шықты, — деп хабарлайды Tengri Sport.

1/8 финалдық кездесуде Рыбакина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездесіп, қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан соң турнирдің келесі кезеңіне өтті.

1/4 финалда 24 жастағы Рыбакина тунистік Онс Жабер мен чехиялық Петра Квитова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайтын болған. Онс Жабер Петра Квитованы 6:0, 6:3 есебімен оңай ұтып, ширек финалға жолдама алды. Қазақстандық және тунистік теннисшілер арасындағы матч 12 шілдеге жоспарланған.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің былтырғы финалында Онс Жабермен кездесіп, оның жеңген еді.