Жарияланды: 420

Еліміздің әділет министрлігі үш Халыққа қызмет көрсету орталығының директорын қызметтен босатты - Балиева (толық нұсқасы)

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және халыққа құқықтық көмек көрсету комитеті үш Халыққа қызмет көрсету орталығының директорын қызметтен босатты. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін тексеру қорытындысы бойынша қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарын өрескел бұзғаны үшін ағымдағы жылдың тамыз айында ҚР Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және халыққа құқықтық көмек көрсету комитеті түрлі үш орталықтың директорын жұмыстан шығарды", - деді З. Балиева. Оның айтуынша, Шымкент, Қарағанды мен Тараздағы орталықтардың басшылары жұмыстан шығарылған. "Сондай-ақ, Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бір филиалының басшысына қатаң сөгіс жарияланды", -деді министр. Сонымен бірге З. Балиеваның мәліметінше, ағымдағы жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызмет көрсетуде мерзімді бұзу оқиғалары біршама азайған. "Мысалы, 2007 жылдың 8 айында орталықтар 2 млн 312 мың қызмет көрсеткен, соның ішінде құжаттардың 0,4% бойынша мерзім бұзылған. Ағымдағы жылдың осы мерзімінде көрсетілген қызметтер саны 1 млн-ға өсіп, 3 млн 356 мыңды құраса, соның ішінде уақытында көрсетілмеген қызмет 0,18% болған", -деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть