«Ең ауыр дағдарыс басталуы мүмкін»: Қазақстанның кризиске қарсы жоспары қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ең ауыр дағдарыс басталуы мүмкін»: Қазақстанның кризиске қарсы жоспары қандай?

«Ең ауыр дағдарыс басталуы мүмкін»: Қазақстанның кризиске қарсы жоспары қандай?

Мемлекет басшысы Қазақстан кез келген сын-қатерге дайын екенін және экономиканы қорғау бағытында нақты шаралар қабылданып жатқанын жеткізді. 

  • 11 Сәуiр
  • 28
Фото: pinterest.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік нарықтардағы тұрақсыз жағдайға пікір білдіріп, қазіргі оқиғаларды жаһандық экономикалық дауылдың алдында тұрған ескерту белгілері деп атады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Жаһандық экономикалық дауыл жақындап келеді

«Қазіргі әлемдегі жағдай соңғы онжылдықтардағы ең ауыр дағдарыстың бастамасы болуы мүмкін. Көптеген сарапшылар дүние жүзі күрделі кезеңге аяқ басқанын айтып жатыр», — деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл жағдайдың ушығуына мемлекеттер арасындағы тарифтік соғыстар себеп болып отыр, бұл өз кезегінде қалыптасқан логистикалық және сауда байланыстарының үзілуіне әкелуде.

«Әлемде «бәріне қарсы барлығы» қағидаты бойынша тарифтік соғыстар басталып, өндірістік және сауда тізбектерінің үзілуіне, нарықтардың құлдырауына, шикізат бағасының құбылмалы болуына алып келуде. Бұл жағдай барлық елдерге, соның ішінде Қазақстанға да өз әсерін тигізбей қоймайды», — деді Мемлекет басшысы.

90 күндік үзіліс

Жоғары тарифтердің енгізілуіне 90 күндік мораторий жарияланғанына қарамастан, Президент жағдайдың тұрақсыз күйінде қалып отырғанын айтты.

«Қазір жоғары тарифтерді енгізуге 90 күнге мораторий жарияланғанымен, нарық әлі де тұрақсыз. Сондықтан біз бұл экономикалық дауылдың салдарын жою мәселелерімен айналысып жатырмыз. Бірақ мен ешқандай үрейге негіз жоқ деп есептеймін», — деп сендірді Тоқаев.

Сонымен бірге ол Қазақстанның сыртқы жағдайға қарамастан негізгі жобаларынан бас тартпайтынын атап өтті:

«Сыртқы қолайсыз факторларға қарамастан, барлық басымдық берілген инфрақұрылымдық жобалар мен өзге де жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалады».

Дағдарысқа қарсы жоспар

Президент Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың нақты әрекет ету жоспарын жедел түрде аяқтауды тапсырғанын жеткізді:

«Кеше мен Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға экономикалық өсім қарқыны мен инвестициялар ағымының төмендеуіне жол бермеу үшін жедел түрде әрекет ету жоспарын аяқтауды тапсырдым. Қазіргі жағдайда инвестициялар үшін күрес басталады. Біз бұл күреске тыңғылықты дайын болуымыз керек», — деді ел басшысы.

Мемлекет басшысы сенімді әрі прагматикалық шешімдер қабылдаудың маңызын ерекше атап өтті:

«Біз кез келген сценарийге дайын болуымыз керек, батыл әрі прагматикалық әрекет ету қажет. Дағдарыстар – басқарушылардың іскерлік қабілетін нақты көрсетіп беретін уақыт және сонымен қатар жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Бұл – ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалу үшін аса маңызды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еліміз кризиске дайын ба?

Бұл ретте қаржы сарапшысы Айбар Олжаев Президент барлығын бақылап отырғанын айтты. 

Оның айтуынша, мемлекет экономикалық дүрбелеңнің Қазақстан экономикасына тигізетін салдарын жоюмен айналысып жатыр. Сын-қатерлердің бәрі өзіміздің басым бағыттарымызды басшылыққа ала отырып еңсеріп келген. Әрі де, сыртқы қолайсыз факторлардың ықпалына қарамастан дамудың даңғыл жолын жалғастыра береміз. Негізгі инфрақұрылымдық жобалар мен басқа да бастамалар толығымен орындалады. 

«Кеше Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл жоспарын шұғыл аяқтауды тапсырдым. Бұл қадам өсім қарқыны мен инвестиция көлемін төмендетпеуді көздейді. Бүгінде инвестиция үшін күрес үдеді. Сондықтан әбжіл қимылдауға тиіспіз. Біз барлық сын-қатерге дайын болғанымыз жөн. Жұмыстың бәрін байыппен әрі сенімді түрде атқару керек. Өздеріңізге белгілі, дағдарыстың да өз қайыры бар. Ол басшылық қызметтегі азаматтардың іскерлік қабілетінің бар-жоғын айқындап береді. Сондай-ақ жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сыртқы ахуал түбегейлі өзгерген кезеңде ұлттық экономиканың орнықтылығы мен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін мұның маңызы зор, – деді Мемлекет басшысы.

Расында да, АҚШ тарифтерінің Қазақстанға әсері жоқ. Біздің елеңдейтініміз тек мұнай бағасы.